"АҚТАУ ТЕҢІЗ ПОРТЫ" АЭА" АҚ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ "БЕРІКТІГІ ЖОҒАРЫ КАБЕЛЬДІК ҚҰБЫРЛАР ЗАУЫТЫ" ЖШС БАС ДИРЕКТОРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

Ағымдағы жылдың 10 қазанында "Ақтау теңіз порты" АЭА" АҚ Басқарма төрағасы А.Т. Қабашев "Беріктігі жоғары Кабельдік құбырлар зауыты" ЖШС Бас директоры Максим Югаймен кездесті. Кездесу барысында әлеуетті инвестор АЭА қызметімен, инвесторларды мемлекеттік қолдау шараларымен танысып, зауыт өнімімен таныстырды және шығарылатын өнімнің артықшылықтары туралы айтты.

Зауыт өнімдерінің тұтынушылары энергетикалық және коммуникациялық компаниялар болып табылады. Зауыттың өнімі жоғары экспорттық әлеуетке ие және ТМД елдерінде алғашқы спиральды конструкциялы құбырларды шығару бойынша инновациялық технологияларды қолдануға негізделген, олар механикалық беріктігі бойынша жоғары көрсеткіштерге және сәйкесінше кабельді қорғау үшін құбырлардың жоғары сапасына кепілдік береді.

Кездесу қорытындысы бойынша одан әрі ынтымақтастық туралы келісімге қол жеткізілді.

"Ақтау теңіз порты" АЭА" АҚ баспасөз қызметі. 

Желілерде бөлісу:

  • 137